Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ҚЫЗЫЛОРДА- ЖЕЗҚАЗҒАН» ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

«ҚЫЗЫЛОРДА- ЖЕЗҚАЗҒАН» ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

27.11.2025254 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Сыр өңіріндегі ғана емес, ел өміріндегі айтулы күн! Өйткені экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіру тарихының жаңа парағы ашылды! Халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді.
Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты.
Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті.
«Бүгін – аймағымыз үшін тарихи күн! «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының ашылу рәсімінде бас қостық. Халқымыз ұзақ жылдан бері армандап келген автожолды салуға қолдау көрсеткен Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлына барша Сыр жұртшылығының атынан зор ризашылығымызды, шынайы алғысымызды білдіреміз.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы мәселе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше мәрте көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарымыз қара жолмен Елордаға, Ұлытау, Қарағанды облыстарына қатынады. Астанаға 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, Балқаш арқылы да барды.
Енді міне, Президентіміздің ерекше қолдауының арқасында қанша жылдан бері халқымыз көтерген өзекті мәселе өз шешімін тапты. Облыс аумағындағы 216 шақырым жол толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыруға 84 млрд. теңге бөлінді.
Бұрынғы өткен бабалардан қалған «Бақ, қайда барасың, ынтымағы жарасқан елге барамын», – деген жақсы сөз бар. Әрдайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын! Жүргізушілер мен жолаушыларға әрдайым ақ жол, сәт сапар тілейміз! Жаңа жол берекенің бастауы болғай», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде ауқымды жобаның жүзеге асуына үлес қосқан құрылысшылар мен инженерлерге, жол саласының мамандарына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері», «Құрметті жолшы» медальдары табысталды. Бірқатар азамат Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі.
Негізі «Қызылорда-Жезқазған» жолының ашылуы келесі жылға жоспарланған болатын. Халықтың сұранысы ескеріліп, мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
Бұрын сапарға шыққандар екі аралықта 20 сағат жол жүретін. Енді жаңа жолға түскен жолаушылар 16 сағатта діттеген жеріне барады. Жол тегіс, сапасы жоғары, қауіпсіздік, жайлылық ескерілген.
Ұлытау облысының аумағында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілгенде Астанаға бағыт алған көлік 12 сағатта жететін болады.
Бүгінде «Қызылорда-Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосатын 25 шақырымдық айналма жол салатын мердігер мекеме анықталуда. Жақын күндері құрылысы басталады. Жоба құны – 46 млрд. 3 млн. теңге.
Республикалық маңызы бар жол көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Жол бойында заманауи сервистік қызмет көрсететін пункттер бой көтеріп, шағын және орта бизнес жанданады. Аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық интеграция нығая түседі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

25.11.2025857 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды

25.11.2025411 Views

Қазақстандықтарға 617 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

25.11.2025286 Views
Соңғы жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛОРДА- ЖЕЗҚАЗҒАН» ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

27.11.2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА 1500 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

25.11.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентін әуежайдан қарсы алды

25.11.2025

Қазақстандықтарға 617 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

25.11.2025

Бес трансшекаралық хабты іске қосу шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді

25.11.2025

Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі

25.11.2025

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі басталды

25.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.