Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.11.2025
Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды.
«Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін.
Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Президентіміздің өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы Сыр халқы үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысының ерекше қолдауы жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әрбір жетістігіміз – халқымыздың бірлігі мен берекелі еңбегінің жемісі.
Аймағымызда еңбегімен елге сыйлы, ісімен ұлтқа өнеге болған азаматтарға лайықты құрмет көрсетілуде. Президентіміздің ерекше қолдауымен 2022 жылдан бүгінге дейін 300-ге жуық жерлесіміз мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың жартысына жуығы – қарапайым еңбек ардагерлері мен озаттары. Бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – жұмысымыздағы басты басымдықтың бірі.
Қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді.
Сіздер – еліміздің рухани тірегі, ұлттық құндылықтарымыздың сақтаушысы, отбасындағы бірліктің, ынтымақтың алтын діңгегісіздер», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда Бақтықожа Ізмұхамбетов көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп, облыс әкіміне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хатын табыстады.
​Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Мәжіліс депутаты, орталық кеңестің алқа мүшесі Ермұрат Бапи, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы, алқа мүшесі Төлеубек Мұқашев, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары Мұрат Өтешов, Ескендір Елеусізов, Ғабит Тұяқов, Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.
Жиында аймақ басшысы Адырбеков Икрам Адырбекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Дәстүрге сай облыс жұртшылығы атынан сый-сияпат көрсетті.
Сонымен қатар, ардагерлер қозғалысы белсенділеріне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хаты, «Құрмет белгісі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы берілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.