Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШҚО-дан Қытайға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда
Аймақ жаңалықтары

ШҚО-дан Қытайға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда

20.11.2025382 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Туризм саласында төрт негізгі кластерді дамыту жоспарлануда: Катонқарағайдағы wellness-туризм; Марқакөлдегі экологиялық туризм; Риддердегі тау шаңғысы туризмі; Өскеменде және оған жақын аудандардағы демалыс туризмі.

«Қыстың ерте келуі және көп қар мөлшері аймақтағы тау шаңғысы саласының дамуына ерекше мүмкіндік береді. Риддер маңында «Анатау» жыл бойы жұмыс істейтін кешені салынып жатыр, ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болады. Халықаралық қонақ үй компаниясы PanaAsia халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүйлер салуда. Онкология және хирургия орталығы базасында медициналық туризм белсенді дамып келеді, ЧЕК-АП қызметтері ұсынылады», – деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, туристерді тартуға «AltaiFest», «Шығыс Салбұрыны-2025» этномәдени фестивалі сияқты имидждік жобалар ықпал етеді, оған биыл Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 148 бүркітші жиналды. Жарқын оқиға 10 мыңнан астам көрерменді қызықтырды.

Әкім заманауи инфрақұрылымсыз саланы табысты дамыту мүмкін емес екенін атап өтті. Мәселен, биыл екі жаңа әуежайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. «Майқапшағай» және «Үбі» өткізу пунктері, 5 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.

Өткен жылдан бастап облыс орталығынан Мәскеу мен Новосібірге халықаралық әуе рейстері орындалады. Келесі жылдан бастап Қытайға әуе бағыты ашылады. «Өскемен-Алматы» тальго теміржол бағытын іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Автожол желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 856 шақырым автожол жөнделді. Мына жобалар аяқталды: «Талдықорған – Өскемен», «Өскемен-Семей», «Қалбатау – Майқапшағай». «Өскемен – Рахман қайнарлры» жобасы бойынша жұмыстарды іске асыру жалғасуда.

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін кептелісті азайтуға және көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін екі жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Өскеменде екі көпір салынады. Келесі жылдан бастап «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолындағы Үбі өзені арқылы өтетін апаттық көпірді қайта құру жұмыстары басталады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.