Абай облысында Төтенше жағдайлар комитетінің бас маманы Бексұлтан-Али Рахымбаев инженерлік шаралар жоспарын іске асыру барысымен танысып, жаңа қорғаныш құрылыстарының жай-күйін тексеріп, гидротехникалық объектілердің жұмысын бақылады. Жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға алдын алу шараларын күшейту және көктемгі кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау ұсынылды.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов Ақтөбе облысының көктемгі су тасқынына дайындық жағдайына мониторинг жүргізді. Жұмыс сапары барысында ол инженерлік қорғау шараларының орындалуын, су өткізу жүйелері мен қорғаныш құрылыстарының жағдайын бағалады. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ бөлімшелеріне алдын алу шараларын күшейту, дайындық деңгейін арттыру және қызметтер арасындағы үйлестіруді жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Су тасқынын болдырмау мақсатында Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері Талас өзенінің арнасын және инженерлік жоспарға енгізілген объектілерді тексерді. Талас өзенінің арнасын түзету аясында тау тастары арқылы жағалауларды нығайту, ұзындығы 150 метр, ені 30 метр болатын өзен түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар төтенше жағдайлар туындау тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Су тасқыны қауіпті учаскелерін мониторингтеу жалғасуда, жедел ден қоюға дайындық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындық жағдайы бағаланды. Облыста елді мекендерді қорғау және су тасқынынан туындайтын қауіптерді азайту үшін инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс топтары Петропавл қаласы, Қызылжар, Шал ақын және Есіл аудандарындағы су тасқыны қауіпті учаскелеріне шығып, инженерлік шаралардың іске асырылуын және «Ущевка», «Кожевенный», «0-8 км» бөгендерінің, сондай-ақ Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарындағы бөгендердің жағдайын тексерді. Жергілікті органдарға елді мекендерді қорғау деңгейін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау ұсынылды.
Қызылорда облысында 2024 жылға арналған инженерлік жоспарға 8 шара енгізілген, оның жетеуі толық орындалды. Үш нысанда қорғау бөгендерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы инженерлік шаралар жоспары бекітілді, оған 9 шара енгізілген. Бүгінгі таңда 7 учаске аяқталды, қалған 2 учаске жыл соңына дейін орындалады.
Төтенше жағдайлар комитетінің бас маманы Нұрсұлтан Қайырбеков Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының бірнеше ауданында су тасқыны қауіпті учаскелерін тексерді. Облыстың даму жоспары мен инженерлік жұмыстар аясында су тасқынына қарсы кешенді шаралар жүзеге асырылуда, олар 6 су тасқыны қауіпті өзеннің жағалауларын нығайту, 7 су ағызу арнасын тереңдету, 22 су өткізу құрылғыларын орнатуды қамтиды. Жоспарланған жұмыстардың шамамен 85%-ы аяқталды, бұл 13 елді мекен үшін су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Барлық өңірлерде өткізілетін іс-шаралар су тасқынының тәуекелдерін төмендетуге, халықты және инфрақұрылымды қорғауға бағытталған. Инженерлік жоспарлар аясында жұмыстар жалғасуда, ал су тасқынына қауіпті учаскелерді бақылау тұрақты түрде жүргізілуде.
