Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Фото: elorda.info.kz

«Қазгидромет»  мамандары алдымыздағы қыс айларына консультативтік болжам жасап, алдағы апталардың ауа райы ауанына түсініктеме берді. Бұл туралы орталық директоры Марина Шмидт пен ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова  баспасөз конференциясында тарқатып айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Қыс – орташа жылы, бірақ құбылмалы болады

Болжамға сәйкес, алдағы қыс еліміздің көп өңірінде климаттық нормадан ауытқымаған, аса қатқыл емес мінез танытады. Жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде сақталғанымен, қыс бойы жекелеген күндері боран, желдің күшеюі, мол қар, көктайғақ және тұман сияқты қолайсыз жағдайлар туындауы ықтимал. Қазгидромет мамандары мұндай құбылыстардың дер кезінде хабарланып отыратынын атап өтті.

Атланттық циклон әсері: жаңбыр, қар және көктайғақ

Жақын күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұған елімізге жылжи кірген кезекті атланттық циклон себеп болып отыр. Оның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде баяу жылдамдықтағы боран соғып, көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Республика көлемінде жел күшейіп, түнгі мезгілдерде тұман жиілейді.

Тек оңтүстік-батыс өңірлерде, сондай-ақ 19–20 қараша күндері шығыс аймақтарда антициклон жотасының ықпалына байланысты жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр.

Температура айтарлықтай өзгермейді

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері температуралық фон тұрақты сақталады. Тек шығыс өңірлерде түнде аяз 6–23 градусқа дейін төмендеп, күндіз ауа температурасы 2–10 градус жылылықты көрсетеді.

Қазгидромет мамандары қыс мезгіліне қатысты жаңартылған деректер мен егжей-тегжейлі болжамдар мекеменің ресми ресурстарында тұрақты жарияланып отыратынын хабарлады

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.