Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

28 мыңнан астам оқушы Mansap Kompasy платформасында кәсіби бағдарлау тестінен өтті

11.11.2025
2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Mansap Kompasy платформасында пайдаланушылардың белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін кәсіби өзін-өзі айқындаудың цифрлық құралы енгізілді. Аталған мүмкіндікті пайдаланып, мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған тестілеуден 7–11-сыныптарда оқитын 28 мыңнан астам оқушы өтті, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тест халықаралық деңгейде мойындалған жеке тұлғаның қызығушылығы мен бейімділігін бағалау әдістемелері негізінде әзірленген. Тестілеу қорытындысы бойынша жүйе мамандық таңдау жөнінде жеке ұсыныстар қалыптастырып, сәйкес мамандықтар мен дағдыларды игеру мүмкіндіктері туралы қосымша аналитикалық ақпарат ұсынады.

Mansap Kompasy платформасында экономиканың 16 бағыты бойынша сұранысқа ие 730-дан астам мамандық туралы мәлімет қолжетімді. Әр мамандықтың сипаттамасында негізгі дағдылар, бос жұмыс орындары туралы ақпарат, жалақы деңгейі және оқу орындарының тізімі көрсетілген.

Сонымен қатар, платформа Skills Enbek жүйесімен біріктірілген, бұл пайдаланушыларға өз құзыреттерін дамыту және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында онлайн-курстарды таңдауға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін Mansap Kompasy платформасы 100 мыңнан астам оқушыны қамтып, олардың тестілеуден өтуіне, қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауына, сондай-ақ кәсіби бағдар бойынша жеке ұсыныстар алуына жағдай жасайды.

«Қазақстанның болашақ кәсіби әлеуетін қалыптастыру мектептен басталады. Mansap Kompasy жас буынға өз жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берсе, мемлекетке кадрларды даярлау мен дамытуды дәлірек жоспарлауға көмектеседі», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Ернат Жүнісов.

Жоба Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ тарапынан, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.