Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті

10.11.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылынан бастап меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Бағдарлама өскелең ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылуда. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, педагогтер практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер арқылы нақты іс-қимыл алгоритмдерін жасап, жұмыс жоспарларын әзірледі. Бұл тәжірибе ұстаздардың тек теориямен шектелмей, нақты қадамдар арқылы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды меңгеруіне бағытталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.