Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қысқа дайындық: республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға қажетті материалдар мен техника әзірленді

30.10.2025
Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, оның 22 мың шақырымы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына қарасты «ҚАЖСервис» мекемесі республикалық автожолдарды жыл бойы үздіксіз күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетеді. Мекемеде 95 жол пайдалану учаскесі және 102 жол пайдалану пункті бар. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазіргі таңда «ҚАЖСервис» ЖШС паркінде 2664 арнайы техника бар. Бұл нормативтік қажеттіліктің 42%-ын құрайды. Биыл қосымша 526 бірлік арнайы техника сатып алынды.

«Қыс мезгілінде қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін 70 мың тонна техникалық тұз, 113 мың текше метр құм, 170 мың текше метр қиыршық тас қалдығы және 1,3 мың тонна химиялық реагент әзірленді. Сондай-ақ 29 бірлік жаңа ангар, құм сақтайтын 60 бірлік шатыр және 24 бірлік модульдік ғимарат салынды. Қар басу қаупі бар 2200 шақырым учаске анықталды. Осы учаскелерде тәуелкелдерді алдын алу мақсатында 70 мың уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қар қоршаулары жасалды», – деді компания басшысы.

Жол пайдаланушыларға тәулік бойы 1403 байланыс орталығы қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері операторлар 800 мыңға жуық өтінімге жауап берді. 1403-ке хабарласып, республикалық автожолдардың жағдайы туралы кез келген ақпаратты алуға болады. Қыс мезгілінде жол жағдайы туралы өзекті ақпаратты Яндекс Карта, 2Гис және Indrive қосымшасы арқылы білуге болады. Көлік ағынын жедел басқару мақсатында қарқынды қозғалысқа ие автомагистральдарда ауа райының қолайсыз жағдайларында жылдамдық режимінің өзгеруі туралы жүргізушілерді хабардар ету үшін 72 дана айнымалы ақпараттық табло мен белгілер орнатылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.