Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды

23.10.2025
Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сай техникалық бағыттағы сапалы мамандарды даярлауға ерекше назар аударылуда. Жаңа орталықтың ашылуы инновациялық технологиялар мен инженерлік білімнің тоғысында жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта орталықта «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану және бағдарламалау» жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама студенттерге дрондарды жобалау, құрастыру, басқару және техникалық қызмет көрсету саласында кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Жоба аясында колледждің әлеуметтік серіктестері ретінде Халықаралық білім беру және инновациялар орталығы мен Қытайдың Zhongke Borui Education Technology Research Institute ұйымдары қолдау көрсетуде.

«Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған және елдің инновациялық әлеуетін арттыруға үлес қосатын білім мен инновация саласындағы халықаралық тиімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі. Ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы Қазақстан бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға мүмкіндік алады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Құзыреттілік орталығы инновациялық білім беру технологияларын енгізу, студенттердің робототехника, аэротүсірілім, 3D-картография және инфрақұрылымды мониторинг саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ педагогтерді дрондарды оқыту процесінде тиімді қолдануға даярлау бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар мұнда халықаралық тренингтер, шеберлік сабақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша жарыстар ұйымдастырылып, шетелдік білім беру және технологиялық ұйымдармен серіктестік байланыстар кеңейтіледі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.