Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

15.10.2025
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 58 жылдан кейін алғаш рет қолға алынған Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан асатын «Көшім» каналы, ұзындығы 3 шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бұдан бөлек, ұзындығы 2,2 шақырымнан асатын екі электр желісі мен 3,77 шақырымдық сыртқы жарықтандыру жүйесі салынып, бейнебақылау, автоматтандырылған ескерту жүйелері мен бақылау-өткізу пункттері орнатылуда.

«Жоба жүзеге асқан соң Киров су қоймасының беріктігі артып, тұтынушыларға суармалы су үздіксіз беріледі. Реконструкция нысанның сыйымдылығын ұлғайтып, оның функционалдық мүмкіндіктерін жақсартады. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының 12 мың гектардан астам егістік алқаптары сумен қамтамасыз етіледі», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген, жалпы сыйымдылығы – 62,9 млн текше метр. Бұл нысан – Орал-Көшім суару және суландыру жүйесінің маңызды бөлігі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.