Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2 трлн теңгеден астам қаржы құйылды
Жаңалықтар

2 трлн теңгеден астам қаржы құйылды

10.10.2025311 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл – кейінгі үш жылда Павлодар өңіріне тартылған қаражаттың мөлшері. Тек биыл алғашқы 7 айда негізгі капиталға 535,1 млрд теңге салынған. Әсіресе өнеркәсіп, ауыр өндіріс, мұнай-газ, сондай-ақ ферроқорытпа салаларына қаражат көбірек құйылыпты.

«Павлодар» арнайы эко­но­микалық аймағының инвес­тициялық портфелі – 541 млрд теңге. Онда 36 қатысушы тіркелген және алдағы 5 жылда металл конструкция, полимер түйіршігі, целлюлоза, жоғары кернеулі изолятор және басқа да өнімдер шығаратын жобалар іске асырылады. Арнайы экономикалық аймақтың тиімділігін арттыру үшін қатысушылардың өз міндеттемесін орындауы бойын­ша бақылауды күшейттік, жобаларды іріктеу критерийлерін кеңейту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз», дейді облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева.

Екібастұзда жалпы қуатты­лығы 460 мың тонна болатын 3 ферро­қорытпа зауыты салынып жатыр. Екеуі жыл соңы­на дейін іске қосы­лады. Кен­ші­лер қаласының маңында биыл болашақ электр металлур­гия зауытының капсуласы салынды. Жоба тау-кен металлургия кешенін дамытуға тың серпін беретінін атап өту керек. «Павлодар» арнайы экономи­ка­лық аймағында (АЭА) құра­мын­да алтыны бар жоғары көмір­текті сульфидті концентрат­тарды қайта өңдеу жобасы, сұйытыл­ған мұнай газын пайдалану жобасы іске асып отыр. Бұған қоса жылына 97 мың тонна алкилат шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. «Алкилат» зауы­ты экологиялық талаптарға сай К5 класындағы тауарлық бензин өндірісінде жоғары октанды компонентті алу үшін пайдаланылады.

Өңірлік кәсіпкерлік және индус­триялық-инновациялық даму бас­қар­масының басшысы Людмила Курманованың дерегінше, жыл қорытындысы бойынша Ертіс – Баян өңірінің түрлі саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылады деп болжанып отыр.

«Инвестициялардың басым бөлігі (53%-ы) өнеркәсіп саласына, оның ішінде өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Тағы 19%-ы ауыл шаруашы­лығына, сондай-ақ 16%-ы көлік және қоймалау сала­ла­рына қа­тысты. Павлодар облы­сын­да өңдеу және тау-кен өнер­кә­сібі кәсіпорындары, бай мине­ралды-шикізат базасы, дамыған энерге­ти­калық инфрақұрылым шоғыр­ланған. Инвесторлар үшін бұл ең әуелі энергияға жұмсалатын шы­ғындардың арзандығын білдіре­ді», дейді басқарма басшысы.

Мамандар көлік және қой­ма­лау саласындағы инвести­ция­лардың өсе түсуіне облыстың негіз­гі көлік дәліздерінің қиылы­сында орналасуы себеп дейді. Облыс Ресеймен шекаралас, біз­­дің өңір арқылы шетел компа­ния­­лары Қазақстанның ішкі на­рығына қол жеткі­зіп, Қы­тайға шыға алады. Осы ретте логис­тикалық орта­лық, терминал, қойма және инфра­құрылымдық жобаларға сұраныс артып келеді. Инвестор­лар мұны тауар ағынын ұлғайту және халықаралық сау­даны дамыту арқылы ақша табу мүмкіндігі деп есептейді. Өңірге қаржы құйып отырған ең белсенді елдер – Қытай, Ресей, Түркия, Германия және Франция.

Аймақтың инвестициялық жобалар пулы 2032 жылға дейінгі іске асыру кезеңімен есептегенде 100-ден астам жобаны құрайды. Жиынтық құны – 7 трлн теңге. Негізгі капиталға инвестиция көлемі жөнінен өңір еліміздегі үздік 10 аймақтың қатары­на енген. Салынған инвестиция есебінен жыл басынан бері 500-ге жуық жұмыс орны құрылған. Ал шетел қаражатының құйы­луымен тек былтыр жалпы құны 20,4 млрд теңге болатын 5 жоба іске қосылған. Олар – жиһаз, алюминий және биме­талл радиаторларын өндіру (акку­муляторларды қайта өңдеу), электр­мен дәнекерленген түзу тігісті құбыр­ларды шығаратын зауытты жаңғырту және сүт-тауар фермасын салу жобалары.

Биыл Павлодар өңірі агро­өнеркәсіптік кешенге салынған инвестиция көлемі бойынша республикада екінші орынға шықты. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Қаленовтің ай­туын­­ша, аймақта жалпы сомасы 38,4 млрд теңге болатын 25 жоба (қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау нысандары және суармалы жерлер) дайын тұр. Олардың іске қосылуы нәтижесінде 125 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Мұрат Қапанұлы
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде

15.10.2025428 Views

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

15.10.2025364 Views

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

15.10.2025185 Views
Соңғы жаңалықтар

«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде

15.10.2025

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасының реконструкциясы аяқталуға жақын

15.10.2025

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

15.10.2025

285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ төлем алды

15.10.2025

Үкіметте Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті

15.10.2025

Президент бірқатар заңға қол қойды

15.10.2025

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.