Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Taza Qazaqstan»: Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета басталды
Жаңалықтар

«Taza Qazaqstan»: Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета басталды

01.10.2025654 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Эстафета аясында тек қоқыс жинау ғана емес, депутаттардың халықпен кездесулері, жастарға арналған open-air іс-шаралары, қоғамдық қабылдаулар және таза ауада «Чемпиондық рух» жаттығулары өтеді. Сонымен қатар «Вандализмге жол жоқ!» жобасы шеңберінде «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені, «Ақыртас» сарай кешені, «Бірлік» монументі және ежелгі Сауран қалашығы сияқты тарихи нысандар тазартылып, абаттандырылады. Осылайша road-эстафета табиғатты қорғау, мәдени мұраны сақтау және экологиялық патриотизмді қалыптастыру міндеттерін тоғыстырады.

«Мемлекет басшысы егер осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, Қазақстан нағыз жасыл ел болатынын айтты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, оған ұқыпты қарау тек міндет қана емес, күнделікті өмір салтымыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс», – деп атап өтті экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

Акция аясында белсенділер мен волонтерлер жол жиегін, автотұрақтар мен кемпинг аумақтарын тазалайды. Жұмыс квадрокоптерлер арқылы жүргізілген аэробарлау деректеріне сүйене отырып ұйымдастырылады. Жиналған қоқыс полигондарға жеткізілмек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.