Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда «JOLSHY» бірыңғай дерекқоры іске қосылды

24.09.2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласы мамандарының бірыңғай дерекқоры «JOLSHY» іске қосылды. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеген жаңа цифрлық сервис кадр тапшылығын шешуге және саладағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Дерекқор студенттер, түлектер, инженерлер мен басшылар туралы мәліметтерді біріктіреді. Онда мамандардың білімі, еңбек өтілі және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпарат сақталады. Қазіргі таңда екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жұмыс берушілер үміткердің нақты кәсіби профилін көре алады, ал студенттер тәжірибеден өтіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жол саласы қызметкерлері үшін біліктілікті міндетті түрде арттыру талабы енгізіледі. Бұл үдеріс те «JOLSHY» арқылы тіркеледі. Жақын арада дерекқор «e-License» және «Enbek.kz» жүйелерімен біріктірілмек.

Осылайша, «JOLSHY» мемлекеттік саясаттың тиімді құралына айналып, кадр тапшылығын жоюға, ашықтықты арттыруға және автожол саласы мамандарының кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.