Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Білім»2025 жылдың соңына дейін тағы 30 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтеді
Білім

2025 жылдың соңына дейін тағы 30 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтеді

22.09.2025184 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, арнайы білім беру педагогтеріне олардың бейіндік қызметтеріне қарай пәндік және цифрлық құзыреттерді дамыту, сондай-ақ инклюзиялық білім беру бойынша курстарды тұрақты түрде өткізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Былтыр «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 80 мыңнан астам педагог тегін курстардан өтті. Оның ішінде 57,8 пайызы – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Ал осы жылдың басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам педагог қатысты.

2025 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айының аралығында Қазақстанда тағы 30 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты курстар алады.

Олардың ішінде 80 сағаттық 43 курс офлайн форматта өтсе, 2 курс онлайн форматта ұйымдастырылған. Әсіресе «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру», «Қаржылық сауаттылық негіздері», «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» және Келешек мектептерінің педагогтеріне арналған курстарға басымдық берілуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025257 Views

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025181 Views

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025

1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?

29.12.2025

Көкшетаудағы заманауи аурухана бүкіл солтүстік макроөңірдің денсаулық сақтауын күшейтеді

29.12.2025

Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар

29.12.2025

Хромтауда елдегі алғашқы білім беру-өндірістік кластер іске қосылды

29.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.