Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Алматыда заман талабына сай білім беру орталығы салынады
Жаңалықтар

Алматыда заман талабына сай білім беру орталығы салынады

22.09.2025517 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Президент тапсырмасына сәйкес елімізде оқушыларға арналған жаңа жоба қолға алынды. Алматы қаласында заманауи үлгідегі «Үркер» білім беру орталығы салынады. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің дарынды оқушылары мен жастарға тең мүмкіндік беріп, олардың ғылым, өнер, технология және кәсіпкерлік салаларындағы әлеуетін дамыту арқылы Қазақстанның интеллектуалдық, мәдени және инновациялық өркендеуіне үлес қосатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыру. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның хабарлауынша, бұл орталық еліміздегі дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі дамуының жаңа кезеңіне айналмақ. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін ашып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

«Орталықта математика, физика, химия, биология, информатика салаларында ғылыми мектептер мен зертханалар, стартап-инкубаторлар құрылып, робототехника, жасанды интеллект, биотехнология сияқты салалар бойынша ірі халықаралық компаниялармен серіктестік жобалар жүзеге асады. Сонымен бірге музыка, бейнелеу өнері, кино, театр және ұлттық өнерді дамытуға жағдай жасалады», – деді спикер.

Сонымен қатар жаңа жобалардың бірі – SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасы. Оқу-ағарту министрлігі дарынды оқушылар мен педагогтарды қолдауға бағытталған SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосты. SMART Daryn бірыңғай тестілеу жүйесін қалыптастырып, олимпиадалар мен конкурстарды тіркеуден бастап қорытынды нәтижелерге дейінгі барлық процесті автоматтандырады.

Жаңа жоба оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге арналған маңызды қадам.

Платформаның басты ерекшелігі – прокторинг жүйесін пайдалана отырып олимпиадалар мен конкурстарды онлайн форматта ұйымдастыру. Бұл әдіс зияткерлік сайыстардың әділ және ашық өтуін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, SMART Daryn қатысушыларға тәжірибелі тренерлерден кеңес алу, онлайн-оқыту арқылы білім мен дағдыларды жетілдіру, интеллектуалдық жарыстарға сапалы дайындалу мүмкіндіктерін ұсынады.

Мемлекеттік қолдау – дарынды балалардың қабілеттерін дер кезінде анықтап, олардың білім алу траекториясын тиімді құруға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім. Бұл қолдау оқушыларға сапалы білім алуға, ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға және кәсіби бағдарын айқындауға жағдай жасайды. Мемлекеттің жүйелі саясаты дарынды жастардың табысты тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, ұлттық ғылым мен инновацияның дамуына, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.