Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды
Жаңалықтар

Қазақстанда 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды

13.09.2025461 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздегі жаңа медициналық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мерзімдері мен күнін оңтайландыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында МСАК объектілерін көрсетудің оңтайлы параметрлерін (үй жайлардың біркелкі жиынтығы мен ауданы, жабдықталуы, безендірілуі, сәулеттік келбетін) жобалаудың бірыңғай тәсілі қарастырылған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Бірыңғай жобалаушы 5 климаттық және сейсмикалық аймақта (Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үш түрі бойынша жобалар әзірледі – бұл медициналық пунктер, фельдшерлік-акушерлік пунктер және дәрігерлік амбулаториялар.

Жалпы алғанда, жобалардың жалпы құнының шамамен 70%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстары, 20%-ы құрал-жабдықтар және 10%-ы басқа да шығындарды құрайды. Т.Мұратов құрылыс нормаларына енгізілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің үй-жайларының құрамы мен алаңындағы өзгерістерге тоқталып өтті.

«Медициналық пункте физиотерапия кабинеті және дәріхана (тәулік бойы жұмыс істеуге арналған) қосылған. ФАП-та ақпараттық технологиялар кабинеті (телемедицина үшін), физиотерапия кабинеті және жеке кіреберісі бар дәріхана қосылған. Дәрігерлік амбулаторияда ақпараттық технологиялар кабинеті, физиотерапия, жаттығу терапиясы кабинеттері және жеке кіреберісі бар дәріхана қосылған. Сонымен қатар физиотерапия кабинеттері электрмен емдеу, магниттік терапия, ультрадыбыстық, жарық және ультракүлгін терапиялары, ингаляторлар және т.б. жабықталған. Жаттығу терапиясы бөлмесінде ұсақ моториканы қалпына келтіруге және дамытуға арналған әртүрлі тренажерлар, еңбек терапиясына арналған стендтер, қабырғаға арналған штангалар, кинезитерапияға арналған жабдықтар бар», – деді вице-министр.

Эталондық жобаларда бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету объектілерін жабдықтау үшін медициналық және медициналық емес өнімдерді таңдау кезінде басымдық ретінде отандық өндірушілердің өнімдері енгізілді және жалпы пайыздық арақатынасы 70%-дан асады. Барлық медициналық бұйым Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында сараптамалық бағалаудан өтті.

Жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаның құрылысы аяқталды, оның 346-сы ескірген және талапқа сай емес үй-жайлардың орнына салынды, 194-і – бұрын медициналық инфрақұрылыммен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде. Аяқталған 540 нысанның 227-сі – медициналық пункт, 187-сі – фельдшерлік-акушерлік пункт, 126-сы – дәрігерлік амбулатория. Қалған 115 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысына республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы бұл нысандарды қаржыландыру арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.