Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады
Жаңалықтар

Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады

13.09.2025349 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кең ауқымда тарату және инфляцияны тежеу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК-тің 12 бағыты бойынша 202 жобаны қамтитын 2025–2027 жылдарға арналған «Инвестицияға тапсырыс» тұжырымдамасын таныстырды.

«Біз «Инвестицияға тапсырыс» тұжырымдамасын әзірледік. Ол 202 жобадан тұрады және ішкі нарықты сұранысқа ие азық-түлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ импорталмастырудан экспортты дамытуға көшуге мүмкіндік береді», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары – импортқа тәуелділігі жоғары өнімдерді өндіру. Олар – құс еті (қамтамасыз етілу деңгейі – 79%), ірімшік пен сүзбе (52%), қант (33%), шұжық өнімдері (60%), балық өнімдері (67%). Қалған жобалар астықты, картопты, жеміс-көкөніс дақылдарын, тері мен жүнді терең өңдеуге, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар, жылыжай кешендері мен қоймалар салуға бағытталған.

Құс еті бойынша биылдың өзінде-ақ өз-өзімізді толық қамтамасыз етуге және жаңа жобалар есебінен экспортты ұлғайтуға қол жеткізу жоспарланып отыр. Сүт саласында үшінші жыл қатарынан «Үлкен жоба» жүзеге асырылуда, ол – сүт-тауарлы фермалар құрылысына жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген несие беру бағдарламасы. Бүгінде 49 жаңа және кеңейтілген ферма пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 20, ал келесі жылы 17 ферма іске қосылады. Осы жобаның арқасында 2–3 жыл ішінде ішкі сұранысты толық жабуға мүмкіндік туады.

Жылыжай құрылысы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында ірі жобалар қолға алынған. Бұл елді маусымаралық кезеңде көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Картоп пен жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға өз алдына бөлек назар аударылып отыр. Қазір Pepsico және Иранның Solico компанияларымен бірлескен жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар картопты, жемістер мен бақша дақылдарын қайта өңдеуді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін тағы 27 бастама қолға алынған.

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша импорттың инфляцияға әсері туралы талдау жасады. Орта есеппен алғанда ӘМАТ ішіндегі импорттық брендтердің үлесі 16,5%-ды құрайды, шекара маңындағы өңірлерде ол 50%-ға дейін жетеді. Ең төменгі үлес Түркістан (8,4%), Қызылорда (7,6%), Алматы (7,3%) және Абай (2,8%) облыстарында тіркелген. Алты ай ішінде ӘМАТ индексіне қатысты импорттық инфляцияның үлесі 32%-ды құрады.

«Фискалды деректер операторының мәліметтерін талдау нәтижесінде еліміздегі дүкендерде сатылатын ӘМАТ бойынша 234 шетелдік бренд анықталды. Жалпы, ӘМАТ импортының 97%-ы ЕАЭО елдерінен келеді, мәселен: Ресейден – 184, Беларусьтан – 23, Қырғызстаннан – 10 бренд. Сондай-ақ Италия, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Түркиядан да өнімдер бар, алайда олардың үлесі 2%-дан аспайды», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Сауда және интеграция министрлігі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, сауда ағындарын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны жалғастыруда. Бұл жоба шетелдік брендтердің өнім түрлерін бақылап, халықтың тұтыну талғамын анықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң әкімдіктер импорттың өңірлерге ықпалын нақты уақыт режимінде бағалап, тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес отандық өнім өндірісін тиімді арттыра алады.

«Азық-түлікпен өз-өзімізді толық қамтамасыз ету тек азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, бағаны тұрақтандырудың да маңызды факторы болмақ. Сонымен бірге жобаларды әзірлеуде тексерілген технологияларға сүйеніп, шикізат базасын мұқият есептеу қажет, әсіресе ылғалсүйгіш дақылдарға арналған жобаларда», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025

Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.