Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Израиль Газадағы тұрғындарды эвакуацияға шақырды

09.09.2025

Израиль әскері Газадағы ең ірі қалаға шабуыл жасауға дайындалып, бейбіт тұрғындарға үйлерін тастап шығуды талап етті. Халықаралық қауымдастық болса, бұл жағдайдың гуманитарлық апатқа ұласу қаупі бар екенін ескерткен.

Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сейсенбі күні, 9 қыркүйекте, Газада тұратын халыққа арнап жедел эвакуация туралы үндеу жариялады. Әскерилердің дерегінше, қалада шамамен 1 миллион палестиналық бар.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху алдағы құрлық операциясына дайындықты жариялап: «Сіздерге ескертілді – қазір кетіңіздер», – деп мәлімдеді. Ол Газа қаласын ХАМАС қозғалысының соңғы тірегі деп атады.

Өткен демалыс күндері ЦАХАЛ тұрғындарға анклавтың оңтүстігіндегі «қауіпсіз аймаққа» көшуге кеңес беріп, онда азық-түлік, медициналық көмек пен уақытша баспана қамтамасыз етілетінін жеткізген. Алайда халықаралық ұйымдар блокада жағдайында жаппай көшу мүмкін емес екенін айтып, гуманитарлық апат қаупі жоғары екенін алға тартты.

Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс 2023 жылғы 7 қазанда басталды. Сол күні ХАМАС содырлары Израильге жаппай зымыран атқылап, ел аумағына басып кірді. Бұл заманауи Израиль тарихындағы бейбіт халыққа қарсы ең қанды шабуыл болды: шамамен 1200 адам қаза тапты. Сонымен бірге 250-ден астам адам тұтқынға алынып, Газада ұсталды. Кейбірі кейін айырбасталды немесе босатылды, бірақ біразы қаза тапты.

Жауап ретінде Израиль ХАМАС-қа соғыс жариялады. Содан бері әуе шабуылдары мен құрлық операциялары нәтижесінде, ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сай, 64 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 162 мыңнан астамы жараланған.

Оқи отырыңыз...

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.