Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алдағы үш жылда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Жаңалықтар

Алдағы үш жылда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

09.09.2025459 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Су саласын жаңғырту және орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді жүйелі шешу үшін министрлік 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын, су саласын дамытудың Кешенді жоспарын және жаңа Су кодексін қамтитын құқықтық және институционалдық базаны қалыптастырды. Бұл құжаттар гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандырудан бастап озық цифрлық технологияларды енгізуге дейінгі негізгі нысаналы индикаторлар мен оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды бекітеді», — деді Нұржан Нұржігітов.

2024 жылғы шілде айында білікті мамандар тапшылығын кешенді шешуге бағытталған мамандандырылған бейінді жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Ұлттық университетте Венгрияның Корвинус университетімен бірлесіп, «Су ресурстарын басқару, су дипломатиясы» бағыты бойынша магистратура деңгейіндегі қос диплом бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар Эразмус Мундус бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті базасында Су дипломатиясы орталығын құру жобасына қаржыландыру мақұлданды.

2025 жылы су саласының 125 маманы Қытай Халық Республикасында қабылдаушы тараптың есебінен оқудан өтті. 2026 жылы тағы 200 маманды даярлау жоспарланып отыр. Бұл отандық тәжірибеге озық шетелдік тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.

Егер 2023 жылы су саласына қатысты мамандарды даярлау 9 жоғары оқу орнында жүргізілсе, 2025 жылға қарай мұндай оқу орындарының желісі 13 жоғары оқу орны мен 8 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына дейін кеңейтілді. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша университет пен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жалпы саны шамамен 2 500 адамды құрайды.

Мемлекет басшысының Су ресурстарының цифрлық платформасын құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында министрлік Еуразиялық даму банкінің Цифрлық бастамалар қорының қолдауымен, жерүсті және жерасты сулары туралы деректерді біріктіретін Ұлттық ақпараттық жүйені әзірлеп жатыр.

Платформаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін министрлік жанынан деректерді жинау, өңдеу және талдау функцияларын атқаратын Ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар негізгі барлық өңірде орналасқан 367 нысанды қоса алғанда, ұзындығы 3,5 мың км-ден астам суару каналын автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылдан бастап 103 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуы басталады, ал 2028 жылдың қалған 264 канал жаңғыртылып, автоматтандырылады.

2030 жылға дейін министрлік 14 мың км-ден астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және реконструкциялауды жоспарлап отыр. Бұл су жоғалтуды 50%-дан 35%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ислам даму банкімен бірлескен жобаның бірінші кезеңі шеңберінде биыл 96 каналды реконструкциялау басталады.

2024 жылдан бастап фермерлерді су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру үшін су үнемдеу технологияларын сатып алу және орнатуға жұмсалған инвестициялық шығындардың 80%-ына дейін өтеу, суару суын нормадан артық пайдаланғаны үшін тарифті 20%-ға арттыру және тариф мөлшеріне қарай дифференциалды субсидиялау тетіктері енгізілді.

2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру аясында су үнемдеу технологияларын енгізу кезіндегі инвестициялық шығындарды өтеуге 214,6 млрд теңге қарастырылған.

Өнеркәсіп саласында Су кодексіне сәйкес жеті жыл ішінде, оның алғашқы екі жылы – өтпелі кезең, ал қалған бес жылы – іске асыру кезеңі ретінде, айналымдық және қайталама сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу талабы белгіленген.

Бұл 2030 жылға қарай суды қайта пайдалану үлесін 13%-дан 28%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр: тұрмыста суды үнемдеу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді, суды үнемдеу әдістеріне қатысты егжей-тегжейлі талдау бойынша аналитикалық зерттеу жүргізілді, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 млн мектеп оқушысына арналған «Суды үнемде – болашақты сақта» сабағы өткізілді. Жаңа оқу жылында колледж және жоғары оқу орындары студенттерін қамту жоспарланып отыр.

«Судың «қара нарығын» жою мақсатында 2024 жылы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі комитет құрылды. Бассейндік су инспекцияларының қызметкерлер саны әр облыс орталығында бөлімдер ашу арқылы 98-ден 241-ге дейін ұлғайтылды. Өкілеттіктер кеңейтілді, тексеру рәсімдері жеңілдетілді және су заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді», — деді министр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025163 Views

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025472 Views

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

03.12.2025147 Views
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025

Ұлттық комиссия әйелдер мен балаларды кибер зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтуге шақырды

03.12.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасулар саны 16%-ға азайды

03.12.2025

Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

03.12.2025

ҚАЙНАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ЕЛДІ МЕКЕНДЕ 30 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАҢА БАЛАБАҚША САЛЫНДЫ

03.12.2025

Отандық дәрілерді сатып алу көлемі 170 млрд теңгеге дейін өсті

02.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.