Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа ЖЭО-лар «таза көмір» технологияларын қолдана отырып салынады

09.09.2025
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздегі сапалы көмір қорының мол екенін ескере отырып, көмір энергетикасын озық әрі экологиялық технологияларды пайдалану арқылы дамытуға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті. Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осы міндетті іске асыруға қатысты жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол жаһандық декарбонизация үрдісін және ұлттық көміртек ізі азайту бағытын ескере отырып, Қазақстан «таза көмір» технологияларын таңдағанын айтты.

Бүгінгі күні елімізде энергетикалық көмірдің расталған қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Мұндай жағдайда жақын перспективада көмір генерациясынан толық бас тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Оның орнына озық технологияларды пайдалану арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсіл іске асырылады.

«Осыған байланысты жаңа көмір станцияларының құрылысы мен қолданыстағыларын жаңғырту экологиялық талаптар мен нормаларға сай, қоршаған ортаға әсері барынша аз «таза көмір» технологиялары негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жобалардың жарқын мысалы ретінде Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын ЖЭО-ларды, сондай-ақ Курчатов пен Екібастұз қалаларындағы ірі электр станцияларын айтуға болады», – деді Ерлан Ақкенженов.

«Таза көмір» технологияларын қолдану экологиялық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға ықпалды азайтады және көмір генерациясының тиімділігін арттырады, сонымен бірге тұтынушылар үшін электр энергиясының қолжетімділігін сақтап қалады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.