Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Аймақ жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

03.09.20252 365 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мәжіліс залында білім саласының ардагерлерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
«Азаматын ардақтаған ел азбайды» деген халық даналығын негізге алған аудан басшысы ардагер ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтті.
Аудан әкімі өз сөзінде батыр Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген ұлағатты сөзін мысалға келтіріп, ұстаздық еңбектің қадір-қасиетіне тоқталды.
Ардагер ұстаздар еңбегі бағаланды
Жиын барысында сала ардагерлері мен жетекшілеріне Құрмет грамоталары, сондай-ақ облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Олардың ішінде:
 Тұрысбеков Сейітхан Тұрысбекұлы – 40 жылға жуық ғұмырын білім саласына арнап, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген, 10 жылдан астам уақыт №149 Ә.Монтаев атындағы мектептің директоры қызметін атқарған ардагер ұстаз.
 Сыздықова Жақсыгүл – ағылшын тілі пәнінің тәжірибелі маманы, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берген ұстаз.
 Кісенбаева Зияхан Бәкірқызы – №152 орта мектептің математика пәнінің ардагер ұстазы, саналы ғұмырын жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыруға арнаған ұстаз.
 Найзабекова Баян Бектұрсынқызы – №127 мектеп-лицейінің бастауыш сынып ардагер ұстазы, бірнеше буын бүлдіршінді сауат ашып, тәрбиелеуде қажырлы еңбек еткен ұстаз.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайл мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қаблеш Бекіш ардагер ұстаздарға ыстық ықыласын білдірді.
Бұл басқосу – ұстаздарға деген құрметтің ғана емес, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетудің жарқын белгісі. Ардагерлердің ақ батасы мен өмірлік тәжірибесі – болашаққа бағдар, өскелең ұрпақ үшін үлкен мектеп.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20260 Views

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

21.08.2026

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.