Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

03.09.2025
Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков кент аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың барысын бақылады.
Алдымен аудан басшысы Яссауи және Есабыз көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстарымен танысып, тұрғындармен пікірлесті. Жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан істерге ризашылығын білдірді. Бұл жұмыстарды «Ақбозат LTD» ЖШС жүзеге асыруда.
Келесі кезекте әкім Шиелі кенті Жайлыбаев, Жүргенов көшелеріндегі автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Мұнда жаңа асфальт төселіп, аялдамалар және жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарықтары орнатылуда. Сондай-ақ тұрғындардың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта кент орталығындағы Д.Смайылов көшесіне де бұл жұмыстар жүргізілмек.
Сонымен қатар аудандық аурухана алдындағы автотұрақ кеңейтіліп, халыққа қолайлы жағдай жасалуда. Аталған жұмыстарды «Ақнұр-Авто» ЖШС жүргізіп келеді.
Аудан басшысы сапаны басты назарда ұстап, жұмыстардың уақытылы әрі тұрғындарға ыңғайлы деңгейде атқарылуын тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.