Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Басты жаңалықтар

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

14.07.2026

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жаңгелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, сот оны адам өлтіруден бөлек, алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иемдену және оларды жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Атырау облысының Жаңгелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал 2026 жылғы 6 қаңтарда шаруашылық құрылыстарының бірінен отбасы отағасы Мақсот Қарабалин мен жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылды. Кейін тергеу олардың денесінде пышақ жарақаттары болғанын хабарлады.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев 2025 жылдың мамыр айында көз жұмған. Ал отбасының қалған үш мүшесі қараша айында қаза тапқан.

2026 жылғы 9 қаңтарда полиция марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке іздеу жариялады. Кейіннен қаза тапқан ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева да қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінген.

24 ақпанда Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталды. Наурыз айында олар Қазақстанға экстрадицияланып, Атырауға жеткізілді.

Ал 9 шілдеде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеу оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақ таппаған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.