Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Аз зерттелген кен орындарының мұнай-газ әлеуеті жаңа деңгейде бағаланбақ

08.07.2026
Қазақстанда 6 млн тонна шартты отын, яғни болжамды ресурстар Шу-Сарысу, Солтүстік Торғай, Сырдария, Арал, Балқаш, Зайсын сынды аз зерттелген шөгінді бассейндерде шоғырланған. Бұл аумақтар бойынша көмірсутектің расталған қорлары жоқ. Себебі олардың нақты әлеуеті заманауи сейсмикалық барлау және іздеу, бұрғылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана нақтыланады. ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

«Соңғы 10 жылда аталған бассейндер игерілуінің басты кедергісі – олардың перспективасының жоқтығында емес, геологиялық тұрғыдан жеткіліксіз зерттелгендігінде. Қазіргі заманғы сейсмикалық зерттеулер терең іздеу, бұрғылау, геологиялық деректерді цифрландыру технологиялары жаңа бассейндердің мұнай-газ әлеуетін жаңа деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Министрлік аз зерттелген аумақтарда геологиялық барлауды жүргізуге инвестиция тарту үшін жүйелі түрде қолайлы жағдай қалыптастыруда. Кодекске енгізілген өзгерістер осы бассейндерге жобаларды іске асырудың арнайы тетіктерін қарастырады», – деді вице-министр.

Бұл әрекеттер инвесторлардың геологиялық тәуекелдерін төмендетуге және іздеу жұмыстарының қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Мұндағы стратегиялық мақсат – қолданыстағы кен орындарын игерумен қатар, жаңа ірі көмірсутек кен орындарын ашу арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласын ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.