Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

24.06.2026
Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Қайтарылған жер учаскелері толығымен қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

«Қайтарылған жерлердің бір бөлігі ауыл шаруашылығы өндірісіне берілсе, тағы бір бөлігі елді мекендердің жайылымдық қорын кеңейту мақсатында резервке қойылады. Биыл 30 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу және 40 мың гектар жерді жайылымдық қор ретінде резервтеу жоспарланған. Бұл шаралар ауылдық жерлердегі жайылым тапшылығын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, 2024 жылы кейбір аудандарда жайылым жетіспеушілігі 97 мың гектарды құраса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 18,9 мың гектарға дейін төмендеген. Яғни тапшылық деңгейі 80,5%-ға азайған» – деді Ақтөбе облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Қабидуллин.

2026 жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Қазіргі уақытта 105 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың орындалуы 131%-ды құрады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.