Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салу жоспарланып отыр

23.06.2026
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын ГЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты.

«Барлық жоба толық іске асырылған жағдайда «Қазсушар» РМК нысандарында өндірілетін электр энергиясының жалпы қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі таңда кәсіпорынның балансында үш шағын ГЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.