Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде жаңа газ кен орындарын игеру жұмыстары қолға алынды

20.06.2026
Ел бойынша тауарлық газдың ішкі тұтынуының өсуін, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген меншікті қаражат есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын жандандыру және көмірсутектер бойынша жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік «Самұрық-Қазына» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚР көмірсутектер бойынша жаңа перспективалы кен орындарын 2035 жылға дейін игеру жоспарына қол қойды. Жоспар Қазақстанның жаңа перспективалы мұнай және газ кен орындарын игерудің жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тетігін көздейді, бұл көмірсутектердің ресурстық базасын тұрақты түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді. ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

Оның хабарлауынша, жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы шеңберінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын кейіннен беруге көзделген 30 жер қойнауы учаскесі қарастырылған.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарымен көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға 9 келісімшарт жасалған, оның ішінде үшеуі өндіру сатысында, алтауы барлау сатысында. Сонымен қатар бүгінде елдің газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар газ өңдеу зауыттарын салу бойынша бірқатар ірі жоба іске асырылуда. Қазір Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына қуаттылықтағы 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы белсенді түрде жүргізілуде», – деді вице-министр.

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Қашаған кен орнының шикізат базасында қуаттылықтағы жылына 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Қарашығанақ кен орнының шикізат базасында қуаттылығы жылына 5 млрд текше метрге дейінгі газ өңдеу зауытын салу жоспарланған. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаттылықтағы жылына 900 млн текше метрге дейінгі газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде.

Айта кетерлігі, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, тауарлық газды үнемді тұтынуды енгізу, тауарлық газды есепке алуды цифрландыру, газбен жабдықтау бойынша бюджеттік объектілердің құрылыс сапасын арттыру мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергиясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына бастамашылық жасады.

Аталған Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын қамтиды. Мәселен, тауарлық газ тұтынуды есепке алуды цифрландыру, механикалық есептегіш құралдардан деректерді қашықтан беретін «ақылды» есептегіштерге көшу арқылы, бұл нақты әрі дәл есеп жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газды үнемді тұтынуды енгізу үшін халық үшін тауарлық газды тұтынудың «әлеуметтік» нормаларын белгілеу көзделген. Газ тарату ұйымына өз газ құбырларын тікелей магистральдық газ құбырына қосу жөніндегі міндетті талап, бұл тұтынушыларға «қос тарифтерді» қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.

Заң жобасын 11 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қабылдады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.