Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ АРАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАБЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

10.06.2026

Аудандық мәдениет үйінде бір жылға созылған «Ән қанатындағы Арал» республикалық жабық ән байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, Арал өңірінің тарихы мен табиғатын, туған жерге деген сүйіспеншілікті жаңа музыкалық шығармалар арқылы насихаттау. Шығармашылық жобаға еліміздің әр өңірінен кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар қатысып, 40-тан астам жаңа ән ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға жолданған туындыларда Арал өңірінің өткені мен бүгіні, болашағы мен тағдыры заманауи көркемдік тұрғыда бейнеленген. Бұл шығармалар туған өлкенің рухын, табиғатын және тарихи келбетін ән тілі арқылы кеңінен танытуға мүмкіндік берді.
Салтанатты кеште сөз сөйлеген ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Дүйсенбек Аяшұлы қатысушылар ұсынған шығармалардың мазмұндық тереңдігі мен көркемдік деңгейіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Аралдың болмысы мен қадір-қасиетін шебер жеткізген туындылар қазылар алқасының ерекше назарын аударған.


Кеш барысында өңірдің мәдени мұрасы насихатталып, жергілікті және республикалық деңгейдегі өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бас жүлде композитор, ақын әрі әнші Елена Әбдіхалықованың «Ақ бесігім – Аралым» әніне берілді. Жеңімпазға арнайы диплом мен қаржылай сыйақыны аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев табыстады.
Аудан әкімдігінің арнайы жүлдесі Үкітай Ерниязовтың «Аралым» шығармасына бұйырды. Арнайы марапат пен қаржылай сыйлықты аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тапсырды.
І орын – «Аралым махаббатым» әні (сөзі – Еркебұлан Кенехан, әні – Бекнұр Әбдіжәли).
ІІ орын – «Аралым» әні (әні – Нұрлыбек Аманов, сөзі – Ерқожа Тлепбергенов).
ІІІ орын – «Үмітті Аралым» әні (сөзі – Айдар Сайлауов, әні – Дінмұхаммед Шораев).
Гала-концерт барысында жүлдегер шығармалар жанды дауыста орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бас жүлде иегері Елена Әбдіхалықова жеңімпаз әнді өз орындауында шырқаса, әнші-сазгер Үкітай Ерниязов та өнер көрсетіп, кештің көркін қыздырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.