Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026
Cropped picture of an unrecognizable diverse man's hand holding nozzle and filling up the tank at gas station.

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, баға ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасып отыр.

«Менің мәліметім бойынша баға 3-4 теңгеге өсті. Сондықтан баға 10 теңгеге өсті деген пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл – нарықтық жағдай. Қандай да бір картельдік келісім жоқ. Бағаны ішкі сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Мұнай бағасы да қазір қатты өсіп жатқан жоқ, шамамен 93,5 доллар деңгейінде тұрақтап тұр», деді министр.

Сонымен қатар ол Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов жаһандық саяси ахуал елдегі жанармай бағасына айтарлықтай әсер етпейтіндігін айтқан болатын. Оның сөзінше, мемлекет әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында бағаны реттеп отыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.