Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның қаржыландыруға қатысты Президентке жолдаған үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі спортшыға қатысты жайтқа түсініктеме берді.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғанын атап өтті.

«Егер тек Спорт және туризмді қолдау қоры арқылы қарасақ, 2024 жылы халықаралық жарыстарға дайындыққа 64 млн теңге бөлінді. 2025 жылы бұл сома 79 млн теңгеге жетті, ал 2026 жылы 100 млн теңге болды. Яғни қаржыландыруда өсім бар», деді ол.

Сондай-ақ вице-министр Қазақстан шахмат федерациясы да қосымша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, спортшының мемлекет тарапынан төлемдердің азаюына қатысты шағымына да жауап берілді.

«2023-2024 жылдары ол Спортты дамыту дирекциясы арқылы шахматшы шамамен 1 млн теңге көлемінде жалақы алып келді. 2025 жылы қабылданған заңға сәйкес басым спорт түрлері бекітілді. Шахмат бұл тізімге кірмеді, себебі ол олимпиадалық кешенді спорт түрлеріне жатпайды», деді Серік Жарасбаев.

Бұған дейін Президент жарлығымен Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені берілген болатын. Алайда марапат әлі табысталмаған. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл мәселе спортшының тығыз жарыс кестесіне байланысты кейінге шегерілген. Серік Жарасбаев орденді табыстау рәсімі спортшы кестесіне қарай белгіленетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының 3 есеге қысқарып, жарыстардың шығынын өз қаражаты есебінен төлегенін айтып Президентке үндеу жолдаған болатын. Сондай-ақ ол II дәрежелі «Барыс» орденін алуға тиіс болса да, марапаттау рәсімінің бірнеше рет кейінге шегерілуіне байланысты оны әлі ала алмағанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.