Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Үкіметте Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын салу мәселелері талқыланды

09.06.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «Elorda Aqua» ШЖҚ-дағы МКК өкілдерінің қатысуымен Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жиын барысында жұмыстың қазіргі жай-күйі қаралды. Жобаны жүзеге асыруды жеделдету және белгіленген мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау бойынша шаралар талқыланды.

Жоба елорданың ұзақмерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Ол 203 шақырым су құбырын, үш сорғы стансасын және тәулігіне 210 мың м³ су өндіретін №4 сорғы-сүзу стансасын салуды көздейді. Құрылысты аяқтау 2028 жылға жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру халық санының өсуін және су тұтынудың артуын ескере отырып, Астананы тұрақты сумен қамтамасыз етуге, қаланы сумен жабдықтаудың екінші көзін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев мүдделі мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етуді және барлық жоспарланған рәсімдерді барынша қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.