Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026
Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи өндірістік кешен салу көзделген. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өнімін өндіруге жетеді.

Өндірілетін өнім ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етумен қатар, экспорттық жеткізілімдерді дамытуға да бағытталатын болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы және нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Бұл ел экономикасына инвестиция тартуға, қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.