Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУ РЕТІНДЕ АМАНКЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ ЖАҢА ҚАҚПА ОРНАТТЫ

25.05.2026
Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері туған жерге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, елді мекеннің кіреберісіне сәнді қақпа орнатып, ауыл тұрғындарына тарту етті. Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және ауыл ардагерлері мен тұрғындары, түлектер қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі Берік Сәрменбаев көпке үлгі боларлық игі іске ұйытқы болған түлектерге ризашылығын білдіріп, олардың туған жерге деген жанашырлығы мен елге деген қамқорлығын ерекше атап өтті.
– Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері елді мекеннің кіреберісіне жаңа қақпа орнатып, ауылға үлкен тарту жасап отыр. Бұл – туған жерге деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай жарқын бастамалары арқылы олар туған жерге деген шынайы ықыласын, ыстық сағынышын және перзенттік парызын нақты іспен дәлелдеп келеді. Мектеп – әр адамның өмір жолына бағыт-бағдар беретін қасиетті білім ордасы. Осы шаңырақта білім алып, ұстаз тәлімін көрген түлектердің арада қанша жыл өтсе де туған жерін ұмытпай, ел игілігі жолында осындай сауапты іске бастамашы болуы – үлкен өнеге. Бұл тек қақпа емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, ауызбіршіліктің және туған елге деген құрметтің белгісі. Дана халқымыз «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Бүгінгі түлектеріміз осы сөздің мәнін нақты іспен дәлелдеп отыр. Барлық ата-аналар мен ұстаздарға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіздің нәтижесінде елін сүйетін, туған жеріне жанашыр азаматтар өсіп шықты. Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Аманкелді ауылының жаңа қақпасының ашылуымен барша ауыл тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы игі іске бастамашы болған 20 жылдық түлектерді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Іс-шара барысында Сырдария ауданының Құрметті азаматы Мырзағали Кенбаев ауыл халқы атынан алғыс білдірсе, 2006 жылғы түлектер атынан Асылхан Піржанов сөз сөйлеп, елге қызмет ету мақтаныш екенін жеткізді.
Құрметті меймандардың қатысуымен жаңа қақпаның лента қию рәсімі өтіп, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары игі бастаманың куәсі болып, түлектерге ақ батасын берді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.