Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

25.05.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының ағымдағы жағдайы жөнінде кеңес өткізді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында және Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында қойған міндеттерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қажетті инженерлік инфрақұрылымды дайындау туралы айтты.

Екібастұз қаласындағы құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстар аяқталды, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізілуде және болашақ модульдік блоктарға арналған шұңқырлар әзірленуде. Құрылыс техникасы мен мамандар жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстарының толық циклі 2026 жылдың маусым айында басталады.

Жиын барысында үздік халықаралық тәжірибе мен технологиялық әріптестер талаптарын ескере отырып, электр энергетикасы, деректерді сақтау және өңдеу, ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы тәсілдер қаралды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жобаға әлемдік технологиялық көшбасшылар, гиперскейлерлер, жасанды интеллект және бұлтты есептеу саласындағы жетекші халықаралық компаниялар қатарынан әлеуетті қатысушылардың пулын қалыптастырды. Жоба шеңберінде alem.ai халықаралық орталық базасында жергілікті AI-экожүйені, зерттеу бастамаларын, кадрлар даярлауды және жасанды интеллект саласындағы стартаптарды қолдаудың бірлескен бағдарламаларын дамыту көзделген.

Жиын қорытындысы бойынша Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдар мен даму институттарына барлық бағыт бойынша жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Жобаны жүзеге асырудың нақты нәтижелері бір айдан кейін Премьер-министрге ұсынылуға тиіс.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.