Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

18.05.2026

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кенті, Саяжай мөлтек ауданындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылған жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.

Нысанды аралау барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы маңызын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп, нақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр өңірінде жүйелі жүзеге асуда. Сондықтан кәсіп бастаймын, ісін кеңейтемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау болады, – деді аудан әкімі.

Жылыжай иесі, жеке кәсіпкер Наурыз Айымбетов атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұған дейін Н.Айымбетов 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,9 млн теңге қаржы алып, кәсібін өзінің тұрғын үйінің ауласынан бастаған. Бұл жұмысы нәтижелі болған соң, 2025 жылы аудан әкімдігімен “Саяжай” мөлтек ауданынан оған 1 га жер телімі табысталды, сондай-ақ 2026 жылы жобаны кеңейту мақсатында “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдікпен 9,8 млн теңге несие беріліп, жылыжай жұмысын жаңа деңгейге көтерген.

Қазіргі таңда жылыжайда қияр, қызанақ және болгар бұрышы өсірілуде. Кәсіпкер өндірілген өнімге сұраныстың жоғары екенін айтып, алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» қаржы ұйымы арқылы 389,6 млн. теңгені құрайтын 47 жоба, ағымдағы жылы 210,4 млн. теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды.
Қазіргі таңда 465 млн. теңге болатын 36 жоба комиссияның қарауына ұсынылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.