Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Әлем жаңалықтары

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026
Фото: AI көмегімен жасалған.

Knight Frank деген халықаралық консалтингтік компания бар. Сонау 1896 жылы Ұлыбританияда құрылып, бүгінде әлемнің ондаған елінде жұмыс істейтін ұйым дүниежүзіндегі бай адамдардың қаржысы, элиталық жылжымайтын мүліктер және инвестициялық трендтер туралы рейтингтер мен болжамдар жасайды екен.

Жақында осы компания әлемдегі долларлық миллиардерлердің жаңа тізімін жариялады.

Дерек бойынша биыл шіріген байлардың саны 3110 адамға жеткен. Сараптамаға сәйкес, жиған-тергені млрд доллардан асатын адамдардың қатары жыл сайын көбейе түскен. Мысалы, 2021 жылы 2723 миллиардер болған болса, өткен 5 жыл ішінде олардың саны 387 адамға бірден артыпты. Болжам бойынша байлардың саны 2031 жылы тағы да 26 пайызға өсіп, 3915 адамға жететін көрінеді.

Жалпы, бай адамдардың негізгі шоғыры бұрынғыдай Еуропа аймағында орналасқаны белгілі болды. Бұл кәрі құрлықтың әлемнің экономикалық дамуы бойынша әлі де институционалдық тұрақтылық пен капитал үшін қауіпсіз аймақ ретіндегі орыны сақталып отыр деген сөз.

Ал байлықтың шоғырлануы бойынша екінші орын Араб елдеріне тиесілі екен. Байлардың үлкен шоғыры Сауд Арабиясы аумағына көз тігеді дейді Knight Frank деректері.

Әлбетте, бұл жердегі дәйектер қалталылар қаржысының негізінен жылжымайтын мүлік пен инвестиция көлеміне бағытталғаны туралы болып отыр. Әйтпесе, әлемнің бар байлығы Ұлыбритания мен АҚШ экономикасына жұмыс істеп отырғаны туралы нақты деректер бар. Демек, дүниежүзіндегі ақша айналымы жекелеген адамдардың байлығы әлемнің қай аумағында қалыптасқанына байланысты емес, құрылымдық сипатқа орай дамиды деген ақиқат өзгермейді.

Айтпақшы, соңғы он жылдың дерегін салыстырғанда, 3000 миллиардердің байлығы 6,5 трлн долларға өсіп, бүкіл әлем елдерінің ЖІӨ көрсеткішінің 14,6 пайызына жеткені анықталған. Бұл жер бетіндегі байлықтың жекелеген адамдардың қолына шоғырлануы жалғасып жатқанының тағы бір дәлелі.

Тоқетерін айтқанда, байлық пен бақ бәйгесіне Қазақстан да ат қосып отырғанын білеміз. Биылғы дерек бойынша елде 8 ірі долларлық миллиардер бар.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.