Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026
Бүгін «Достық үйінде» белгілі қаржыгер-экономист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Жаңақорған және Шиелі аудандарының құрметті азаматы Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбәраковтың өмірі мен қызметіне арналған «Адал дос, асыл азамат» атты еске алу кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Ғұмырнамалық кітап аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен жарыққа шыққан.
Тағылымды шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Наурызбай Байқадамов жүргізіп, қайраткер тұлғаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Қамбарбек Мүбәраковтың кәсіби біліктілігі мен азаматтық болмысы кейінгі буынға үлгі екенін жеткізді.
Кітаптың құрастырушысы белгілі журналист Дүйсенбек Аяшұлы жаңа туындыдағы естеліктер арқылы абзал азаматтың жарқын бейнесі, жақсы істері жаңғыра түскенін айтты.
Екі бөлімнен тұратын кітапта қаржы саласының үздігі атанған тұлғаның ата тегі, өмір жолы, қызметтік тәжірибесі жан-жақты баяндалған. Сонымен қатар, елжанды азаматтың ерте үзілген ғұмырындағы кейінгі ұрпаққа өнеге болатын тағылымды тұстар кеңінен қамтылған.
Жинақ мазмұнында басты кейіпкердің әріптестері, ел ағалары жақындары мен замандастарының естеліктері топтастырылып, сол кезеңнің қоғамдық келбетін бейнелеуге мән берілген.
Іс-шара барысында сөз алған мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, қоғам қайраткері Қуанышбек Ысқақов және қаржы саласының ардагерлері, ел ағалары Дайрабай Ысқақов, Қалқазбек Әжібеков Қамбарбек Амангелдіұлының адамгершілік қасиеттері мен кәсіби шеберлігіне тоқталып, оның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Тұсаукесер рәсімі тағылымға толы мазмұнды пікірлер мен естеліктерге ұласып, көпшілікке рухани әсер сыйлады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.