Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Кәрім Мәсімовтің қылышы аукционда сатылды. Ол 1,5 миллион теңгеге өтті. 

Бұған дейін тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқаруға берілген самурай қылышы 29 сәуірде электрон саудада сатылды.

«Қынабына салынған самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің бойында өзіне тән терең емес ойық бар; қынабы қара түсті материалдан жасалған; сабы сұр түсті металдан жасалып, рельефті геометриялық өрнекпен безендірілген», — делінген лот сипаттамасында.

Бағалаушылар мәліметінше, қылыштың күйі жақсы, жүзінде 47911 сандары қашалған. Айта кетейік, қаруға бағалау 2024 жылдың желтоқсанында жасалған болатын.

Сондай-ақ құжатта қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені атап өтілген.

Алайда лоттың бастапқы бағасы — 379 904 теңге болды. Нәтижесінде ол 1 586 954 теңгеге сатылды.

Баға ҚҚС-сыз көрсетілген. Келісімшартты рәсімдеу кезінде қорытынды құнға 16 пайыз көлемінде ҚҚС қосылады.

2025 жылдың қарашасында қылыш 542 719 теңгеге сатылған еді, бірақ жеңімпаз ақшаны төлемегендіктен, мәміленің күші жойылған.

2026 жылғы ақпанда самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатып алынғаны нақтыланды, бұл бастапқы 461 312 теңге бағасынан 7 еседен аса жоғары. Бірақ, шамасы, бұл мәміле де жүзеге аспаған сияқты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.