Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі

24.04.2026
Жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдерді бағалау ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Негізгі екпін салдармен күресуге емес, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтірмейтін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау арқылы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға қойылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.

Кәсіби тәуекелдерді бағалау жұмыс орындарындағы қауіпті, зиянды еңбек жағдайларын анықтауға, жұмыс берушіге превентивті шаралар қабылдау және заң бұзушылықтарды жою туралы уақытылы сигнал беруге бағытталған.

«Біз жұмыстың бұл бағытына өте үлкен мән беріп, баса назар аударамыз. Бірінші тоқсанда біз әрбір жұмыс орнында кәсіби тәуекелдерге 160 осындай бағалау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нақты әрі айқын қорытындылар бердік», — деді спикер.

Бұдан бөлек, Комитетте белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық аппарат пен барлық 20 өңірлік департаменттің жеке интернет-ресурстары бар, онда ағымдағы қызмет туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланады. Сайттарда түсіндіру материалдары, кездесулердің қорытындылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама және ондағы соңғы өзгерістер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер орналастырылады. Осылайша, атқарылып жатқан жұмыс туралы халықты ақпараттандыру және ашықтық қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.