Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Мұхтар Шахановты сынайтындай сен кім едің?!»: Абзал Ибрашев Серікжан Біләштің мәлімдемесіне жауап берді

22.04.2026
Журналист әрі блогер Абзал Ибрашев әлеуметтік желідегі парақшасында Серікжан Біләштің марқұм ақын Мұхтар Шаханов туралы айтқан даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

Ол өз жазбасында белсендінің сөздерін негізсіз деп танып, оның бұл әрекетін қазақ қоғамы мен ұлттық құндылықтарға жасалған құрметсіздік ретінде бағалады. Қазіргі уақытта бұл мәселе желі қолданушылары арасында үлкен пікірталас тудырып отыр.

Ибрашев өз мәлімдемесінде Біләштің ұлттық тұлғаны сынауға моральдық құқығы жоқ екенін айтып, оны қолдайтын ортаға да күмәнмен қарайтынын жасырмады. Ол өз сөзінде:

«Мұндай адамды қазақ деп айтуға ұяламын… Мұхтар Шахановты сынайтындай сен кім едің? Оның қазақ үшін жасағанының бір пайызын да жасаған жоқсың», – деп кесіп айтты.

Сонымен қатар, журналист Серікжан Біләштің бұрынғы іс-әрекеттері мен өткен жолына да тоқталып, оның қазіргі ұстанымына қатаң сын білдірді. Оның пайымдауынша, ұлттық деңгейдегі тұлғаларға қатысты мұндай бейәдеп пікірлер қоғам ішінде іріткі салуға алып келеді. Ибрашевтің бұл жазбасы желіде тез тарап, көптеген оқырманның қолдауына ие болды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.