Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34%-ға қысқарады

20.04.2026
Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Оның аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды заманауи экологиялық шешімдер негізінде жаңғырту қарастырылған. Жобаларда қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған «таза көмір» технологияларын енгізу көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жаңа станциялар бу мен температураның аса жоғары критикалық параметрлерінде жұмыс істейді, бұл электр энергиясын өндіру тиімділігін 5–6%-ға арттырып, көмір шығынын азайтуға және зиянды шығарындыларды төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар түтін газдарын тазартуға арналған заманауи жабдықтар орнатылады, оның ішінде шаң мен күлді ұстауға арналған электрофильтрлер мен қап сүзгілер, азот оксидтерінің шығарындыларын азайтатын селективті каталитикалық қалпына келтіру жүйелері, сондай-ақ түтін газдарынан күкірт қосылыстарын жоятын десульфурация қондырғылары қарастырылған.

Бұған қоса, қолданыстағы көмір электр станцияларын ең озық қолжетімді технологияларды енгізе отырып кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарлануда.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды заттар шығарындылары 34%-ға қысқарып, негізгі генерациялайтын жабдықтардың тозу деңгейі төмендейді және энергия жүйесінің сенімділігі артады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.