Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

15.04.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

«Шаруаларға қаржылық жүктемені азайту мақсатында  Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері  астық тасымалдауға байланысты шығыстарды  қосымша қаржыландыру мәселесін шешуі қажет. Мал және өсімдік шаруашылығы салалары бойынша  қарыздарға кепілдік беру құралын іске асыру үшін  Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне және «Бәйтерек» холдингіне  қажетті қаражат көздерін  қарастыруды тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейту тұрғысында  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға  инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын сатып алу үшін  агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға  мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, екі апта ішінде Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.