Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Елімізде бокстың дамуы сапалы жаңа деңгейге көтерілуде. Сала үшін стратегиялық маңызы бар құжаттың негізгі мақсаты – бокспен шұғылданатын азаматтар санын көбейту, спортшылар даярлау сапасын және қазақстандық боксшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Тұжырымдама негізгі 6 бөлімді және саланы дамытудың барлық бағытын қамтиды. Олардың ішінде келесі 5 басым бағыт бар:

  • бокс инфрақұрылымын дамыту;
  • бұқаралық спортты кеңейту және спорт резервін қалыптастыру;
  • ғылыми-әдістемелік және медициналық сүйемелдеу ісін жетілдіру;
  • жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
  • халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби боксты дамыту.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру тетігі 31 іс-шараны қамтитын бекітілген кешенді жоспардан тұрады. Бұл шаралар саланың өзекті міндеттерін жүйелі түрде шешуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бокспен 153 мыңнан астам адам айналысады, олармен еліміздің барлық 20 өңірінде 2 мыңнан астам жаттықтырушы жұмыс істейді.

Ұлттық құрамада 595 спортшы бар, олар – негізгі, жастар, балалар және жасөспірімдер командалары.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 39 мыңнан астам бала балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бокспен айналысуда, оларды 1 385 бапкер баулуда.

2030 жылға қарай бокспен айналысатындардың санын көбейту, дайындық жүйесінің тиімділігін арттыру және қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі позициясын нығайту жоспарлануда.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру саланың жүйелі дамуына жаңа серпін бермек және отандық спортты дамытуда, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауда, сондай-ақ халықаралық аренада елдің имиджін нығайтуда маңызды қадам болмақ.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.