Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жобаның іске асу кезеңі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Құжатқа енгізілген түзетулер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын жетілдіруге бағытталған.

Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің негізгі артықшылығы – ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілуі. Бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті қалыптастырады, қаржыландыру процесін ашық етеді, яғни «ақша ұйымға емес, балаға беріледі».

Жаңа жүйе балабақша кезегіне тұру рәсімін жеңілдетіп, заңсыз факторларды болдырмайды, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта пилоттық жоба республиканың 20 қаласы мен облыстардың 23 ауданында енгізілген. 2025 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар кезең-кезеңімен ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшіріліп жатыр.

Жобаны іске асыру тиімділігі кешенді түрде талданып, нәтижелері бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.