Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында буллингтің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек аймақтарда орналастыру қарастырылған, бұл білім алушылардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер бөлінген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.

Мектептерде лифтілер, пандустар, арнайы бағыттаушы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері орнатылған. Жаңа форматтағы мектептердің ерекшелігі – әр блокта оқушылар мен мұғалімдерге арналған демалыс аймақтарының болуы. Демалыс бөлмелері жұмсақ жиһазбен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған.

«Мектептер толықтай заманауи физика, химия, биология кабинеттерімен, зертханалармен, компьютерлік сыныптармен, STEM-зертханаларымен және робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Оқушыларға мобильді трансформер-парталар мен жеке шкафтар беріледі, қабаттарда санитарлық талаптарға сәйкес ауыз су бұрқақтары орнатылған. Шығармашылық әлеует пен кәсіби дағдыларды дамыту үшін әмбебап шеберханалар, студиялар және толық жабдықталған бастапқы кәсіптік оқыту кабинеттері қарастырылған. Мектептердің сыйымдылығына байланысты екіден төртке дейін спорт залы бар. Аула аумақтарында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, street workout аймақтары, сондай-ақ жүгіру жолақтары орналасқан», – деді вице-министр.

Климаттық жағдайларды ескере отырып, солтүстік өңірлерде хоккей корттары, ал оңтүстікте теннис корттары жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

Жайық Шарабасов мектептерде вандализмге қарсы есіктер орнатылғанын, заманауи бейнебақылау жүйелері енгізілгенін, Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау ұйымдастырылғанын, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін дабыл түймелері қойылғанын атап өтті. Осылайша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи талаптарға сай кешенді жүйесі қалыптастырылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.