Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда Президент бағдарламасы аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

11.03.2026
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында Үкімет алдына 7 жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. 2026 жылы 18,5 млн шаршы метр пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

«Болжамға сәйкес, 2026 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18,5 млн шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру ұлғайған кезде бұл көрсеткіш жоғарылауы мүмкін», – деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы бойынша ең үлкен көрсеткіштер республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеледі деп болжанып отыр.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысының қарқыны нәтижесінде көрсеткіштер үш жыл қатарынан жоспарланған деңгейден асып түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, оның алдындағы жылғы көрсеткіштен көп болды. Жалпы алғанда, жоспарлы көрсеткіш елдің 18 өңірінде артығымен орындалды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.