Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026
Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары бар, оның 25 мың шақырымы Көлік министрлігіне қарайтын республикалық маңызы бар жолдар. Нормативтік жағдайы 94%-ды құрайды. Ал 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы 91%. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында республиканың автожол саласын дамытудың ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Алдағы үш жылдың ішінде жергілікті органдармен бірге өңірлік жолдардың жұмыстарын 5 есе арттыру жоспарланған. Жұмыстың нәтижесінде 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95%-ға дейін жетеді.

«Бұл жұмыстарды атқару үшін ведомстволық нормативтерге тиісті өзгерістер қабылданды. Қазіргі уақытта стандарттарға өзгерістер енгізу жұмысы аяқталып жатыр. Сонымен қатар өткен аптада әкімшіліктердің өкілдерімен жиналыс өткізілді. Түсіністік бар, жергілікті органдар жұмыстарына кірісіп жатыр», – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министр бүгінде Қазақстанда 7 автокөлік дәлізі  қалыптасқанын айтты. 4 үлкен жоба аяқталды: «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы». Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 2000 шақырым.

Жекелеген дәліздердің қарқыны мен жұмысының артуын ескере отырып, өз шегінде оларды одан әрі дамыту және жекелеген учаскелерде жаңғырту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.