Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

2026 жылы 11 мың шақырымнан астамында әртүрлі жол жұмыстары жүргізіледі — ҚР Көлік министрлігі

26.02.2026
2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылмақ. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдардың 8,9 мың шақырымы және жергілікті жол желісінің 2,3 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Соның ішінде 3,5 мың шақырым жолдағы жаңа құрылыс және қайта жаңарту нысандарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бағдарламасы аясында биыл шамамен 2 мың шақырым жолды аяқтау көзделген.

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы жұмыстарды аяқтау, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл – Қорған автожолын қайта жаңарту жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың 95%, ал жергілікті жолдардың 92% нормативтік стандарттарға сай болады деп жоспарланған.

Құрылыс және қайта жаңарту жобаларының жалпы қамту көлемі 2026 жылы 3,4 мың шақырымды құрайды.

«Биыл саланы дамытудың үш жылдық жоспарында көзделген транзиттік бағыттарды жаңғырту бойынша жаңа жобалар іске асырыла бастады. Қаржыландыру тарту арқылы барлық жұмыстар «кілт тапсыру» принципі бойынша жүргізіледі. Бұл кешенді тәсілді қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімдердің сақталуына мүмкіндік береді», – деді Мақсат Қалиақпаров Көлік министрлігінің алқа отырысында.

Атап айтқанда, Қызылорда – Ақтөбе бағыты бойынша жолды төрт жолақты етіп кеңейте отырып қайта жаңарту жұмыстары басталады. Қарағанды – Жезқазған жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бекітіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары екінші жартыжылдықта басталмақ.

Ұзындығы 559 шақырым болатын Бейнеу – Сексеуіл жобасы тасымал қашықтығын 900 шақырымға қысқартып, жол жүру уақытын үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Вице-министрдің айтуынша, жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Ұзындығы 102 шақырым болатын Сарыағаш қаласының айналма жолы жобасы бойынша отандық компаниялар арасынан мердігер ұйымдар анықталған.

Сонымен қатар, спикер ақылы жол учаскелерін дамыту, жол бойындағы сервис нысандары желісін кеңейту, жұмыстар сапасын арттыру, ғылымды және бұл саланы цифрландыруды дамыту бағытындағы алдағы жоспарлармен бөлісті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.