Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылады

17.02.2026
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында республикадағы автомобиль өнеркәсібінің дамуы туралы баяндады. Ол автомобиль өндірісі өткен жылы рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ын құрағанын атап өтті. 171 мыңнан астам көлік шығарылды, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, олар –  Chery, Haval, Changan брендтері бар Алматыдағы мультибренд зауыты және Қостанайдағы Kia Qazaqstan зауыты.

«Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін беріп отыр. Мысалы, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі іске қосылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар өндіріледі», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Саран қаласында «Tengri Tyres» зауытында автомобиль шиналары шығарылуда. Қостанайдағы «KamLitKZ» зауытында шойын құятын заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланатын шойын құю өндірісі іске қосылды.

Сонымен қатар «Allur» компаниясы автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығының құрылысына кірісті.

Одан бөлек алдағы үш жылда ­– жылыту және кондиционерлеу жүйелері, тежегіш, салон мен еденге арналған пластикалық бөлшектер сияқты  автокомпоненттерді локализациялау бойынша жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.