Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Атырау облысында 15,5 мың тонна сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасын қамтитын заманауи логистикалық орталығы іске қосылды. Бұл – Батыс Қазақстандағы ірі және қазіргі технологиялық деңгейдегі алғашқы нысан. Ол аймақтағы ауыл шаруашылығы логистикасын дамытуға және негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Логистикалық орталықтың жалпы ауданы 30 гектарды құрайды. Кешен ыңғайлы көлік аймағында орналасқан және бес теміржол тармағын, контейнер алаңын, «А» санатындағы 5 400 шаршы метрлік қоймаларды, өндірістік кешендер мен көкөніс сақтау қоймасын қамтиды.

Қойманың жалпы ауданы 8 200 шаршы метр. Нысанда –25 °C-тен +25 °C-қа дейінгі температуралық режимі реттелетін 28 сақтау камерасы бар. Қойма автоматтандырылған температура мен ылғалдылықты бақылау жүйелерімен, заманауи салқындату құралдарымен, желдету және ауа райын басқару жүйелерімен жабдықталған. Бұл кешеннің үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Орталықтың ерекшелігі – бананның пісуіне жағдай жасалған камера. Тұтынушылардың сұранысына байланысты банан кезең-кезеңімен нарыққа шығарылып отырады.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.